Spectrum International School

Джонатан Феррейра

Директор Ретінде Мен Сізді Spectrum International School ресми сайтында қарсы алғаныма өте қуаныштымын.

Біз ата-аналар, мұғалімдер қауымдастығы, қызметкерлер және оқушылармен ашық байланыс орнатуға және қолдауға және мектепті қоғаммен байланыстыратын дәрежеде тартуға тырысамыз. Мен позитивті әрі шынайы қарым-қатынас өмірлік достықты қалыптастырады деп сенемін және бұл - қызметкерлер, студенттер мен ата-аналардың өзара жұмыс істеуінің кілті. Мұндай қарым-қатынас аясы біздің оқушыларымызды оқуда, спортта және әлеуметтік өмірде жетістікке жетелеп, жауапкершілік сезімін тудырады. Үй мен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас біздің оқушыларымызға, қызметкерлерімізге және ата-аналар қауымдастығы үшін пайдалы. 

Мен сізді сайтты белсенді түрде зерттеуге шақырамын. Егер қосымша ақпарат қажет деп ойласаңыз, бізге тікелей хабараласыңыз. Сізбен мектепте кездесуді асыға күтеміз. 

Біздің миссиямыз

Өзара түсіністік және сыйластықты негізге ала отырып, қоғамда бейбіт ортаны сақтауға талпынатын білімді, білікті және өнегелі жастарды тәрбиелеу болып табылады. Ол әр оқушының көпмәдениетті ортада эмоциялық, физикалық, шығармашылық және интеллектуалдық қажеттіліктері қанағаттандырылатын қоғамдастықтың сезімін тәрбиелейтін достық отбасылық ортада жүзеге асырылады.

Spectrum халықаралық мектебі жергілікті азаматтар мен шетел азаматтарын Қазақстандағы ең жоғары деңгейдегі білім беру стандарттарымен қамтамасыз етуге ұмтылады.

Spectrum шығармашылық ойлау, сыни тұрғысынан ойлау және тиімді коммуникацияны дамытуға ерекше көңіл бөле отыра, этика нормаларына сай, жауапкершілік пен басқалардың құқықтарын сыйлау тәлімдерін мадақтайды. Біздің мектеп қоғам үшін барлық адамдар бірдей құнды және маңызды деп есептейді; адамдар ортақ мақсатқа ұмтылған кезде әртүрлілік - күш болып табылады; жеке және мәдени ерекшеліктер өмірді байытады және әр адам өз таңдауы үшін жеке жауап, есеп береді. Біз өзара түсінісушілік үшін аса маңызды болып табылатын ашық, адал және сыйлы қарым-қатынасты бағалаймыз.

S =
Өз-өзіне сенімділік

Өз тәжірибемізді, идеяларымызды және ерекшелігімізді сыйлай білу.

P =
Ұстамдылық

Әрқашан шыншылдықпен әрекет етіп, дұрыс жүру және де қоғам тарапынан қабылданған моральдық құндылықтарға бағыну. Адамгершілікті алға тарту.

E =
Эмпатия

Өзімізді өзгенің орнына қоя білу ерекшелігіміз және өзгенің сезімдері мен хал-жағдайын бөлісе алу.

C =
Ортақтастық

Біз ортақ мақсаттарымызға жету үшін өз еркімізбен қуана бірігіп әрекет ете аламыз.

T =
Адалдық

Мектебімізге қатысы бар барлық адамдардың бізге деген сенімдеріне берік болу, артқан сенімдерін ақтау.

R =
Сыйластық

Кішіпейілдік пен сыйластық сынды мінезімізбен таныламыз және де ешкімді алаламай барлығына сый-құрмет көрсетеміз.

U =
Бірлік

Өзара келісім мен үйлесімділікті сақтай отырып, санамыз бен сезімдерімізде бір бүтін болып әрекет етеміз.

M =
Ынталы болу

Өз қабілетіміз бен білімімізді қолдана отырып көздеген мақсаттарымызға жетуге ынталы әрі жігерлілік таныту.

МЕКТЕП ТАРИХЫ
2008

«Nurorda International School» бастапқы атауымен мектептің тұсауы кесілді.

2011

Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) тұрақты мүшесі атанды.

Мектеп Cambridge Primary және Secondary Checkpoints, IGCSE және A Levels сияқты белгілі біліктіліктерді ұсынуға мүмкіндік беретін Кембридж Халықаралық Емтихан Орталығын жүзеге асыратын аккредитациядан өтті. Бүгінгі таңда мектеп Кембридждің барлық бағдарламалары мен біліктіліктерін ұсынады.

2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 Наурыздағы № 259 қаулысымен мектепке халықаралық мектеп мәртебесі берілді.

2015

2015 Мектеп Халықаралық Мектептердің Еуропалық Кеңесінің (European Council of International Schools) премиум мүшелігі мәртебесін иеленді. Аталмыш кеңес - Лондон қаласында 1965 жылы құрылған халықаралық мектептер қауымдастығы болып табылады.

2017

«Nurorda» халықаралық мектебінің атауы «Spectrum» халықаралық мектебі болып өзгертілді.

Мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігі үшін аккредитациядан өтті. 

Spectrum Жаңа Англия Мектептер мен колледждер қауымдастығында (NEASC) алғашқы аккредитациясын алды.

2018

2018 Жылдың Наурыз айынан бастап БҰЛ РЕСМИ SAT тестілеу орталығы болып табылады. SAT бүкіл әлем бойынша мамандандырылған тестілеу орталықтарында өткізіледі.

2023-2024

Мектеп жаңадан салынған жеке оқу ғимаратына көшті.