Қабылдау

Грант

Білім беру грантын тағайындау кезеңдері

1
Өтініш және іріктеу

Үміткерлер мектептің веб-сайтында онлайн өтініш тапсырып, портфолио қоса береді (бағалау нәтижелері, транскрипттер және басқа да академиялық жетістіктер). Комиссия өтініштерді қарап, келесі кезеңге өтетін үміткерлерді анықтайды.
Мерзімі: 2025 жылдың 20 наурызына дейін

2
Сұхбат және тестілеу

Үміткерлер білім деңгейі мен жеке қасиеттерін бағалау үшін сұхбат және тестілеуден өтеді.
Мерзімі: 2025 жылдың сәуір айы

3
Қорытынды нәтижелер

Үміткерлерге іріктеу нәтижелері мен грант тағайындау туралы хабар беріледі.
Мерзімі: 2025 жылдың сәуір айы

4
Келісімшарт жасау

Үміткердің заңды өкілімен білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшарт жасалады.
Мерзімі: 2025 жылдың мамыр айы

Грант

Spectrum студенттерге мектептегі оқуының барлық мерзіміне грант береді. Бұл мүмкіндіктер 6, 10, 11 және 12 сынып оқушылары үшін қол жетімді.

Үміткердің Академиялық Үлгеріміне Қойылатын Талаптар

  • Үлгерім: Орташа балл кемінде 4,5 (GPA 4.5) және үлгілі тәртіп.
  • Бағалар мен транскрипттер: Академиялық жетістіктердің нәтижелері.
  • Қатысу деңгейі: Ағымдағы оқу жылының қатысу пайызы кемінде 93% (қатысуды растайтын құжат қажет).
  • Сертификаттар: Олимпиадалар мен жарыстарға қатысу сертификаттарының болуы.
  • Қосымша жетістіктер: Академиялық емес жетістіктер.
  • Тест нәтижелері (бар болған жағдайда):Төмендегі тесттердің бірі:
    • IGCSE
    • AS Level
    • SAT Subject
    • SAT Reasoning
    • Халықаралық олимпиадалар
  • Үміткердің жеке куәлігі, паспорты немесе туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі.
  • Соңғы 3 оқу жылының ресми мектеп транскрипттерінің скан-көшірмесі.
  • IGCSE, AS Level сертификаттарының скан-көшірмесі (бар болса).
  • IELTS TRF нөмірі (бар болса).
  • Эссе: Максимум 600 сөз.
  • Екі ұсыным берушінің электрондық пошта мекенжайы, олардың біреуі үміткердің қазіргі оқу орнын ұсынуы керек.


Бізбен байланысыңыз
Байланыс мәліметтерін қалдырыңыз. Біз Сізге жақын арада қоңырау шаламыз.

2024-2025 оқу жылына қабылдау үшін құжаттар Тізімін жүктеп алыңыз жүктеп алыңыз


Байланыс телефоны
Электронды пошта мекенжайы
Қошқарбаев Даңғылы, 11, Астана
Біздің мекен-жайымыз
08:00–17:00
Жұмыс уақыты
qr
Қалай жетуге болады
Мені сканерлеңіз